jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Венесуэладағы зілзала: 30 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен

Венесуэладағы жер сілкінісі
Венесуэладағы жер сілкінісі. Фото: Federico PARRA / AFP via Getty Images

24 маусымда Венесуэлада болған екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5 398 адамға жетті, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы Венесуэла Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қаза тапқандар саны тағы 52 адамға көбейіп, 5 398-ге жеткен. Ал зардап шеккендер саны 16 740 адамға дейін өскен.

Родригестің айтуынша, жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда қазір 60 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. Олардың ішінде 30 мың ерікті бар. Сондай-ақ ол зардап шеккендерге гуманитарлық көмек пен таза ауыз суды жеткізу үздіксіз жалғасып жатқанын атап өтті.

Венесуэла бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, 24 маусымнан бері өңірде жалпы саны 1 463 афтершок, яғни қайталама жер сілкінісі тіркелген.

Сонымен қатар Desaparecidos Terremoto Venezuela («Венесуэладағы жер сілкінісінен кейін із-түзсіз жоғалғандар») атты азаматтық бастама сайтының мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінен кейін байланыс үзілген 30 мыңнан астам адам әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Венесуэладағы зілзала: 30 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.