Берлиндегі теракт: полиция күдіктінің көзін жойды
Жарияланған күні:
Читать на русском
SEK арнайы жасағының қызметкерлері Берлинде теракт жасады деп күдікке ілінген 21 жастағы азаматтың көзін жойды. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Агенттіктің жазуынша, теракт сенбі күні кешке Берлиндегі Тиргартен саябағының маңында, бұқаралық шара өтіп жатқан кезде болған. Ақ түсті минивэн жүргізушісі адамдарды қағып өтіп, ағашқа соғылған, кейін оқиға орнынан бой тасалаған.
Кейінгі мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан бір адам қаза болып, тағы 29 адам зардап шеккен.
Полицияның мәліметінше, Шпандау ауданындағы бау-бақша серіктестігі аумағында күдіктінің көзі жойылған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ол суық қарумен полиция қызметкерлеріне қарай жүгірген, содан кейін Берлиннің SEK арнайы жасағы оқ атқан. Жансақтау шараларына қарамастан, 21 жастағы күдікті оқиға орнында мерт болған.
Айта кетейік, бұған дейін ІІМ басшысы Германияның құқық қорғау органдары Берлин орталығында адамдарды қағып кету оқиғасын теракт деп бағалағанын хабарлаған еді.
Неміс бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, басты күдікті – тегі ливандық Германия азаматы Абдул Баллут. Ол бұған дейін бірқатар елде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қосылуға әрекеттенген.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2404389-berlindegi-terakt-politsiia-kudiktining-kozin-zhoidy/
