Хирургтің қателігінен тұрғын сау органынан айырылды: ол науқасқа 15 млн доллар төлейтін болды
Жарияланған күні:

АҚШ-тың Мэн штатында хирург байқаусызда науқастың қуығын алып тастағаны үшін 15 миллион доллардан астам өтемақы төлейтін болды, деп хабарлайды complex.com сайтына сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ.
АҚШ-тың Мэн штатында жоспарлы амбулаториялық процедура кезінде хирург науқастың сау қуығын түгелдей алып тастаған. Салдарынан ол 15 миллион доллардан астам өтемақы төлеуге міндеттелген.
Сәрсенбіде (22 шілде) Кеннебек округінің Жоғарғы сотындағы тоғыз адамнан тұратын алқабилер соты жергілікті аурухана мен оның бас ұйымына қарсы сот процесінен кейін Митчеллге 15,75 миллион доллар өндіріп беруді бір ауыздан қолдап дауыс берді.
Оның күйеуі Джошуа Митчелл әйелінің қолдауы мен қамқорлығынан айырылғаны үшін қосымша 1,25 миллион доллар алды, бұл отбасының жалпы өтемақы сомасын 17 миллион долларға жеткізді. Адвокаттар бұл округ тарихындағы медициналық салғырттық үшін тағайындалған ең үлкен өтемақы екенін растады.
2023 жылдың 1 наурызда Скаухеган қаласының 43 жастағы тұрғыны Митчелл сол жақ аналық безіндегі өлшемі айтарлықтай үлкейген қатерсіз ісікті алып тастау үшін лапароскопиялық операцияға барған. Алайда хирург, доктор Даниэль Ганьон, Митчеллдің сау қуығының барлық дерлік бөлігін кесіп алып тастаған. Кейінірек патологиялық сараптама алынған тіннің толықтай қуық қабырғасы екенін растады.
Бұл қателік бастапқыда байқалмаған. Кейін Митчелл ауруханаға қатты ауырсыну, денесінің қатты ісінуі және кіші дәретке бара алмау секілді белгілермен қайта түскен. Дәрігерлер оның қуығын қалпына келтіруге немесе қайта жасап шығуға жеткілікті сау тіндер қалмағанын анықтады. Ол зәрді бүйрегінен тікелей шығару үшін сегіз айдан астам уақыт бойы екі жақты нефростомиялық түтіктерге тәуелді болып, осы кезеңде зәр шығару жолдары мен бүйректің қайталанбалы инфекцияларынан зардап шеккен.
2023 жылы қазанда Митчелл Бостонға реконструктивті операцияға барды, онда хирургтар оның ішек тінін пайдаланып жаңа қуық жасап берді. Арада үш жылдан астам уақыт өтсе де, ол әлі де күніне бірнеше рет өздігінен катетер қолдануға және мамандардың тұрақты бақылауында болуға мәжбүр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2404784-hirurgting-qateliginen-turgyn-sau-quygynan-aiyryldy-ol-nauqasqa-15-mln-dollar-toleitin-boldy/
