jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жапониядағы жойқын жер сілкінісі: құрбан болғандар саны 30 адамға жетті (видео)

Жапониядағы жер сілкінісі
Жапониядағы жер сілкінісі. Фото: Yuichi YAMAZAKI / AFP via Getty Images

Жапонияның Кюсю аралындағы Кумамото префектурасында болған соңғы 10 жылдағы ең қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 30 адамға жетті. Бұл туралы Guardian басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымың жазуынша, қазіргі таңда елдің оңтүстік-батысындағы сауда орталығы, қағаз фабрикасы және қираған үйлердің үйінділері астында қалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Кумамото префектурасы үкіметінің мәліметінше, магнитудасы 6,8 болатын жер сілкінісі салдарынан 62 адам жарақат алған.

Ресми тұлғалардың айтуынша, аймақта орналасқан Өзін-өзі қорғау күштерінің 5 мыңға жуық әскери қызметшісі бейсенбі күні ауа температурасының 35 градусқа дейін көтерілуіне байланысты зардаптарды жою жұмыстары кезінде қиындықтарға тап болған.

Олар түнде болған магнитудасы 5,8-ге тең тағы бір жер сілкінісі құтқару жұмыстарын одан әрі қиындатқанын айтты.

Желіде жер сілкінісінен кейінгі кадрлар жарияланып жатыр: онда автожолдардағы жарықтарды, қираған көпірлер мен үйлерді көруге болады.

Еске сала кетейік, 28 шілдеде Жапонияның Кюсю аралындағы Кумамото префектурасында жойқын жер сілкінісі болды. Кейбір аймақтарда цунами қаупі туралы ескерту жарияланды.

Кейіннен бірнеше жойқын жер сілкінісінен соң Aeon Mall Kumamoto сауда орталығында жарылыс болғаны белгілі болды.

Жапониядағы жойқын жер сілкінісі: құрбан болғандар саны 30 адамға жетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.