jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Германияда аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны 10 мыңға жуықтады

Германиядағы ыстық
Германиядағы ыстық. Иллюстрациялық фото: Maryam Majd/Getty Images

2026 жылдың басынан бері Германияда аптап ыстық салдарынан 10 мыңға жуық адам көз жұмған. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Германияда жыл басынан бері аптап ыстықтың салдарынан алдын ала бағалау бойынша 10 мыңға жуық адам қайтыс болған. Мұндай деректерді елдің Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымына кіретін Роберт Кох институты (RKI) жариялады.

"19 шілдедегі жағдай бойынша Германияда аптап ыстықтың салдарынан болған өлім-жітімнің болжамды саны – 9,8 мың", - делінген институттың сайтында жарияланған хабарламада.

RKI бұл қолда бар деректерге негізделген алдын ала бағалау екенін нақтылады.

"Бұл 2016 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш", - деп атап өтілген жарияланымда.

Жарияланған хабарламада басқа егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілмеген.

Германияда аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны 10 мыңға жуықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.