jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Перуде туристер мінген ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты (видео)

Ұшақ апаты болған жер
Ұшақ апаты болған жер. Фото: Mariajulia VAREMAN / AFP via Getty Images

Перуде туристер мінген ұшақ апатқа ұшырап, 11 жолаушы, ұшқыш және экскурсия жетекшісі қаза болды, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жергілікті дереккөздерге сүйеніп жазуынша, ұшақ Перудің Наска провинциясындағы Пуэбло-Вьехо ауданында, Мария Райхе әуеайлағының маңында апатқа ұшыраған.

Aerodiana компаниясына тиесілі ұшақ Наска геоглифтерін әуеден тамашалау үшін Пискодан Наскаға шолу сапарына шыққан.

Ұшақ бортында жеті италиялық, екі неміс, екі испаниялық турист және экипаждың екі мүшесі – Перу азаматтары болған. Қаза тапқандардың ең жасы 18-де, ең үлкені – 78 жаста.

"Оқиға орнына алғашқы болып жеткен құтқару топтары тірі қалғандар жоқ екенін растады және ұшақтың толығымен жанып кеткенін анықтады", - делінген жарияланымда.

Ұшақ әуеайлақтан ұшып шыққаннан кейін бір сағат өткен соң апатқа ұшыраған: сағат 13:01-де ұшқыш апат белгісін беріп, бірнеше минуттан кейін байланыс үзілген.

Перуде туристер мінген ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.