jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Трамп орман өртінен шыққан түтін үшін Канадаға қандай жаза қолданатыны туралы шешім қабылдады

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Win McNamee/Getty Images)

Дональд Трамп орман өртінен шыққан түтін үшін Канаданы қалай жазалайтынын шешіп қойғанын мәлімдеді, бірақ егжей-тегжейін айтқан жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Дональд Трамп шілдеде ауқымды орман өртінен бірқатар америкалық қалаларды басқан түтінге байланысты Канаданы жазалау шараларын айқындағанын хабарлады. Бірақ қандай шара қолданылатынын әзірге нақтылаған жоқ.

Президент ұшағының бортында журналистер АҚШ президентінен көршілес елді "жазалау" туралы қандай да бір шешім қабылдаған-қабылдамағынан сұрады.

"Иә", - деп жауап берді Трамп.

Саясаткер өз шешімінің мән-жайын ашып айтудан бас тартты. Ол бұл туралы ақпарат кейінірек белгілі болатынын ғана мәлімдеді.

Бұған дейін Трамп орман өрттерінен шыққан түтінге байланысты Канадаға баж салығын енгізетінін айтып сес көрсеткен. Сондай-ақ ол Канада билігін өрттің алдын алу үшін қажетті шараларды әдейі қабылдамады деп айыптады.

АҚШ президентінің айтуынша, орман өртінің салдары АҚШ-қа миллиардтаған шығын әкелді.

Трамп орман өртінен шыққан түтін үшін Канадаға қандай жаза қолданатыны туралы шешім қабылдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.