"Жыл сайын ертегі тыңдап келдік": Залужный Украинаның НАТО-ға ешқашан кірмейтінін мәлімдеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Украина қарулы күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, қазір Ұлыбританиядағы елші Валерий Залужный Украина НАТО-ға ешқашан кірмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Европейская правда" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Залужный Украина Конституциясында бекітілген НАТО-ға мүше болу бағытының болашағы бар деп санамайды.
"НАТО-ны өте жақсы білемін. 12 жылдай уақытымды НАТО стандарттарын меңгеруге арнадым, жыл сайын "НАТО-ға әне кіреміз, міне кіреміз" деген ертегіні тыңдап келдік. Өкінішке қарай, біз оған ешқашан кірмейміз!" - деп мәлімдеді бұрынғы бас қолбасшы.
Залужный Украина қарулы күштерінің қазіргі даму деңгейімен альянсқа қосылу мүмкін емес екеніне сенімді.
Ол сондай-ақ НАТО Екінші дүниежүзілік соғыс доктринасын басшылыққа алатынын айтып, ұйымның әлеуетіне оң баға бермеді.
"НАТО қазіргі қалпында қалатын шығар, ал Украинаға Ресей Федерациясы деңгейінің ең болмағанда жартысына жету үшін қажетті стандарттарға көшуіне тағы 12 жылдай уақыт кетеді", - деді генерал.
Залужный бүгінгі таңда Украинаға НАТО елдерінде бар технологиялар қажет екенін айтты.
Сонымен қатар экс-бас қолбасшы Украина үшін НАТО емес, басқа одақтар тиімдірек болатынын атап өтті.
"Украина болашақта құрылатын блоктар мен одақтарға қосылады. Бұл еуропалық әскери қауіпсіздік блогы болуы мүмкін", - деп есептейді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2407924-zhyl-saiyn-ertegi-tyngdap-keldik-zaluzhnyi-ukrainanyng-nato-ga-eshqashan-kirmeitinin-malimdedi/
