jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Трамп АҚШ-қа босану үшін ғана келетіндерге тыйым салатын жарлыққа қол қойды

Жүкті әйел
Жүкті әйел. Көрнекі фото: pexels.com

АҚШ президенті Дональд Трамп шетелдіктердің туған жері бойынша азаматтық алу құқығын шектейтін жарлықтарға қол қойды. Ақ үй басшысы осылайша АҚШ-қа бала туу үшін келетіндерге тыйым салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Ақ үйдің мәліметінше, АҚШ президенті туған жері бойынша азаматтық алу құқығын шектеуге және "босану туризміне" қатысты федералдық шараларды күшейтуге бағытталған екі жарлыққа қол қойған.

Жоғарғы сот президенттің АҚШ Конституциясында бекітілген кепілдіктерді шектеу жөніндегі алғашқы әрекетін қабылдамағаннан кейін аталған жарлықтар шыққан.

Бірінші жарлық бойынша АҚШ аумағында тууына байланысты азаматтық алу құқығын пайдалана алмайтын шетелдіктер санаты көбейеді. Бұл дипломаттардың және шетел үкіметінің мүддесін қорғайтын басқа да азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларына қатысты.

Екінші жарлық бойынша президенттік өкілеттіктер мемлекеттік хатшы мен ішкі қауіпсіздік министріне жүктеліп, оларға "босану туризмі" тәжірибесін тоқтату тапсырылады. Құжатқа сәйкес, билік өкілдері шетелдік әйелдердің АҚШ-қа тек бала босану мақсатында келу жағдайларын арнайы белгілеуге міндетті. Бұл шаралар сол мақсаттағы суррогаттық ана болу жағдайларына да қатысты екені айтылған.

Трамп АҚШ-қа босану үшін ғана келетіндерге тыйым салатын жарлыққа қол қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.