jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Таиландтағы мектептердің бірінде атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

Таиландта болған оқиға
Таиландтағы оқиға орны. Фото: Lillian SUWANRUMPHA / AFP via Getty Images

Бүгін, 7 тамызда Таиландтағы мектептердің бірінде оқ атылды. Екі адам қаза тауып, ондаған адам жараланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның Khaosod газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға Үлкен Бангкок агломерациясына кіретін Нонтхабури провинциясында болған. Салдарынан кемінде 20 адам жарақат алды.

Сондай-ақ жергілікті мемлекеттік Thai PBS телеарнасы оқиға құрбандары туралы мәлімет берді.

"Нонтхабуридегі танымал орта мектепте болған атыс салдарынан екі адам қаза тапты", - деп жазады басылым телеарна хабарламасына сілтеме жасап.

Атысты оқушы ұйымдастырған деп болжануда. Дереккөздер екі мұғалім қаза тапқанын айтуда. Ал жараланғандардың бірінің жағдайы өте ауыр.

"Нонтхабуридегі Тхепсирин орта мектебінде атыс шығарды деген күдікпен ұсталған оқушы көз жұмды", - деп толықтырды Khaosod газеті ақпаратты.

Таиландтағы мектептердің бірінде атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.