jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан әскери одақ құру туралы келісімге келді

Түркия мен Сауд Арабиясының көшбасшылары
Түркия мен Сауд Арабиясының көшбасшылары. Фото: picture alliance/Getty Images

Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан әскери одақ құруға келісті. Құжатқа үш елдің басшылары қол қойды, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

NTV телеарнасына сілтеме жасаған ТАСС агенттігінің жазуынша, келісімге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Сауд және Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф қол қойған.

Анкарадағы дереккөздердің мәліметінше, тараптар әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуды, Таяу Шығысты қоса алғанда, аймақтық дағдарыстарды реттеу бойынша күш-жігерді үйлестіруді және барлау туралы ақпаратпен алмасуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бірқатар елдерде "исламдық НАТО" деп аталатын одақты құру бойынша келіссөздер өткен жылдың соңынан бері жүргізіліп келді. Оның бағыттарының бірі – Сауд Арабиясы мен Пәкістанның Түркияның бесінші буындағы Kaan жойғыш ұшағын жасау бағдарламасына қосылуы болуы мүмкін.

Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан әскери одақ құру туралы келісімге келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.