jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Рамзан Қадыровтың үлкен ұлына Шешенстан Батыры атағы берілді

Ахмат Қадыров
Ахмат Қадыров. Видеодан скриншот: t.me/ARKadyrov

Шешенстан басшысының үлкен ұлы, республика үкіметі төрағасының орынбасары әрі дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Қадыровқа Шешенстан Батыры атағы берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тиісті өкімге 7 тамызда Шешенстан үкіметінің төрағасы Магомед Даудов қол қойған.

"Менің қымбатты інім, Шешенстан Республикасы үкіметі төрағасының орынбасары – Шешенстан Республикасының дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Рамзанұлы Қадыровты жоғары атақ алуымен шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды Даудов өзінің Telegram-дағы арнасында.

Ол бұл атақтың берілуін Қадыровтың Шешенстан Республикасы мен оның халқы алдындағы жеке еңбегін, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесін лайықты бағалау екенін атап өтті.

Рамзан Қадыровтың үлкен ұлына Шешенстан Батыры атағы берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.