Зеленский АҚШ Украинаға ай сайын зымыран жеткізіп тұратынын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ президенті Владимир Зеленский Сербия басшысы Александр Вучичпен өткен баспасөз мәслихатында Patriot жүйесіне арналған зымырандар бойынша АҚШ-пен келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы УНИАН-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, Украина мен АҚШ Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандарды ай сайын жеткізіп тұру туралы келісімге келген.
"Бұл өте күрделі жұмыс. Бұл мәселені қандай бағыттарда шешуге болады? Ең алдымен: зымыранға қарсы зымырандар мен жүйелер кімде бар? Өндірушіде. Бұл, бірінші кезекте, АҚШ. Олар көмектесе ала ма? Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Олар бізге ай сайын зымыран бөле ме? Иә, бізде келісім бар", - деді Украина президенті.
Сонымен қатар Зеленский зымырандардың әлі де жетіспейтінін және биыл жеткізілім көлемі бұрынғыдан аз екенін айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2410148-zelenskii-aqsh-ukrainaga-ai-saiyn-zymyran-zhetkizip-turatynyn-malimdedi/
