Колумбиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 132-ге жетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Колумбияда жақында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны күрт өсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN-ге сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, кем дегенде 132 адам көз жұмып, 570 адам жарақат алды.
Төтенше жағдайлар қызметі үйінді астында қалғандарды тезірек құтқаруға тырысуда. Қираған нысандардың арасында Кали қаласындағы аурухананың педиатрия және неонатология бөлімшелері де бар.
Ел үкіметі ұлттық деңгейде төтенше жағдай жариялап, зардап шеккен аймаққа әскери қызметкерлерді аттандырды.
Естеріңізге сала кетейік, 10 тамызда Колумбияда магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды. Бұған дейін 30 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2410964-kolumbiiadagy-zher-silkinisi-qaza-tapqandar-sany-132-ge-zhetti/
