jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Сирияның экс-президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді

Башар Асад
Башар Асад. Фото: Borna News/Matin Ghasemi/Aksonline ATPImages/Getty Images

Бүгін, 11 тамызда Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың сырттай өлім жазасына кесілгені белгілі болды. Дәл осындай үкім оның немере ағасы Атеф Наджибке де шығарылды.

Al Jazeera арнасының мәліметінше, Сирияның экс-президенті Башар Асад пен Дераа провинциясындағы саяси қауіпсіздік бөлімінің бұрынғы басшысы Атеф Наджиб елдегі азаматтық соғыс кезінде жасалған қылмыстар үшін кінәлі деп танылып, өлім жазасына кесілген.

Дамасктегі қылмыстық сот Асадты қасақана кісі өлтіру, ал Наджибті қасақана кісі өлтіру және азаптау қылмыстары үшін кінәлі деп таныған.

Сот Асад үкіметінің 2011 жылы Дераа провинциясында жасаған әрекеттері адамзатқа қарсы қылмыс деп санайды.

РБК ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы қыркүйекте Сирия соты 2011 жылы Дераа провинциясындағы наразылықтарды басуға қатысты айыптар бойынша елдің бұрынғы президенті Башар Асадты тұтқындауға сырттай ордер берген болатын.

Жоғарғы сот судьясының мәлімдемесіне сәйкес, Асадқа қасақана кісі өлтіру, өлімге әкеп соққан азаптаулар, сондай-ақ заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша айыптар тағылған.

Сирияның экс-президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.