jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Колумбиядағы зілзала: қаза тапқандар саны 265 адамға жетті

Колумбиядағы жер сілкінісі
Колумбиядағы жер сілкінісінің салдары. Фото: Gabriel Aponte/Getty Images

Колумбияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 265 адамға жетті. Бұл туралы ел президенті Абелардо де ла Эсприэлья мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

РИА Новости колумбиялық Caracol телеарнасынан берілген ел президенті Абелардо де ла Эсприэльяның мәлімдемесін жариялады. Оның айтуынша, жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны кемінде 265 адамға жеткен.

"25 872 отбасы зардап шекті, бұл 53 816 адам. Өкінішке қарай, 265 адам қаза тауып, 3494 адам жараланды. Хабар-ошарсыз кеткендер саны 496-ға дейін өсіп, алаңдаушылық тудырып отыр. Біздің негізгі күш-жігеріміз із-түссіз жоғалғандарды табуға бағытталған", - деді ол.

Еске сала кетейік, 10 тамызда Колумбияда магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Сол күні кешке 30 адамның қаза тапқаны туралы хабарланды.

Ал 12 тамызда елде апат режимі жарияланды.

Колумбиядағы зілзала: қаза тапқандар саны 265 адамға жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.