jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

АҚШ-та әскери тікұшақ апатқа ұшырады: екі ұшқыш қаза тапты

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: x.com/@cvetko35

Техас штатында Apache әскери тікұшағы апатқа ұшырап, өртенді. Екі ұшқыш қаза тапты. Өртке байланысты аудан тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды CNN-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

AH-64 Apache әскери тікұшағы Саладо қаласында жергілікті уақыт бойынша сағат 13:35 шамасында құлады. Тікұшақ Форт-Худ әскери базасына тиесілі болған. Борттағы екі әскери қызметкер де қаза тапты.

Тікұшақ құлағаннан кейін ірі өрт басталды.

Өртке байланысты ауданда эвакуация жарияланды. Оқиға орнында құтқарушылар, әскерилер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеді.

Айта кетейік, AH-64 Apache – екі адамнан тұратын экипажы бар соққы беруші тікұшақ. Ол 1984 жылдан бастап қолданысқа енгізілді. Содан бері бұл модель бірнеше рет жаңартылған.

АҚШ-та әскери тікұшақ апатқа ұшырады: екі ұшқыш қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.