jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Ұлыбританияда медбикелер аптап ыстықтан жұмыс орнында есінен танып, құлап жатыр

медицина қызметкері
Медицина қызметкері. Көрнекі фото: Marcus Brandt/picture alliance via Getty Images

Ұлыбританиядағы аптап ыстықта медицина қызметкерлері кондиционері жоқ ауруханаларда қапырықта жұмыс істеуге мәжбүр, деп хабарлайды ITV News .

Ұлыбританияда медбикелер мен дәрігерлер аптап ыстыққа байланысты төтенше еңбек жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр. Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің қызметкерлері әлеуметтік желілер мен кәсіподақтарға жұмыс кезінде қатты ыстықтан есінен танып жатқанын жазып, шағымдануда.

Бірнеше онжылдық бұрын салынған көптеген аурухана ғимаратында заманауи желдету және ауа баптау жүйелері жоқ. Соның салдарынан палаталар мен емшара кабинеттеріндегі температура сын көтермейтін деңгейге жеткен. Бұл науқастарға да, медицина қызметкерлеріне де қауіп төндіріп отыр. Қызметкерлер қорғаныш киімін киюге және қатаң дресс-кодты сақтауға мәжбүр. Бұл жағдайды қиындатып отыр.

Корольдік медбикелер колледжінің өкілдері клиника басшылығы мен үкіметті шұғыл шаралар қабылдауға шақырып отыр. Олар үй-жайларды портативті салқындатқыштармен қамтамасыз етуді және қызметкерлерге қосымша демалыс уақытын ұйымдастыруды талап етуде.

Ұлыбританияда медбикелер аптап ыстықтан жұмыс орнында есінен танып, құлап жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.