Трамп кәмелетке толмаған мигранттарды қуу туралы заңға қол қойды
Жарияланған күні:

Нью-Йорк қаласы мен штаты қайтадан Трамптың жарлығына қарсы шықты. АҚШ президенті өзінің жарлығымен 25 мың кәмелетке толмаған баланы далада қалдыруды жоспарлап отыр. Ал Нью-Йорк қаласындағы мигрант балалар мен жасөспірімдерге заңгерлік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Дональд Трамп қайтадан заңды өзгертіп, 25 мың мигрант баланы елден қумақ. Бірақ Нью-Йорк қаласының мэры мен штат губернаторы қарсы шықты. Олар аумақтағы иммигранттардың балаларына жергілікті бюджеттен ақша бөлмек. Осылайша әр баланың ісі сотқа жетіп, бөлек қаралады.
Айта кетейік, АҚШ Конституциясы бойынша, ересек-иммигрант бірден елден қуылатын болса, балалар мемлекет тарапынан адвокатпен қамтамасыз етілуге тиіс.
"Президент Трамп бір қаулы шығарып, жарлыққа қол қойғанда бұдан бетер ештеңе жоқ шығар", - деп ойлаймыз. Бірақ президент пен оның әкімшілігі елдің бейбіт өміріне зиян келтіретін жаңа айла ойлап табады. Осы жолы бейкүнә балалар зардап шегейін деп тұр. Ата-анасынан жырақта, бөтен елде жүрген бала барлығынан қорқуға мәжбүр. Сондықтан біз оларды қорғауға алмақпыз", - дейді Нью-Йорк қаласының мэрі Зоран Момдани.
Автор: Еркелді Тілеуқұл
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2413028-tramp-kameletke-tolmagan-migranttardy-quu-turaly-zangga-qol-qoidy/
