jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Польшадан шыққан автобус Венгрияда жол апатына ұшырады: 12 адам қаза тапты (видео)

автобус апаты
Автобус апаты. Фото: x.com/@AlertesNewsFR24

Венгриядағы тасжолда Польшадан келген автобус апатқа ұшырады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Известия-ға" сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жол апаты түнде M3 тасжолында болды.

"Түнде поляк автобусы жолдан шығып кетіп, 12 адам қаза тапты, кемінде 10 адам ауыр жарақат алды", - деп жазды Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр Facebook-тегі парақшасында.

Үкімет басшысы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Жүргізуші рульде қалғып кеткен болуы мүмкін деген болжам бар. Ол қамауға алынды. Автобуста 57 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Бір адамның жағдайы ауыр, тоғыз адам ауыр жарақат алған, тағы 37 адам жеңіл жарақаттанды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Польшадан шыққан автобус Венгрияда жол апатына ұшырады: 12 адам қаза тапты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.