jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Иран АҚШ сарбаздарының көзін жойған немесе тұтқынға алған азаматтарға сыйақы тағайындады

АҚШ доллары
АҚШ доллары. Көрнекі фото: pixabay.com

Иран азаматтарына АҚШ әскери қызметкерлерін өлтіргені немесе тұтқынға алғаны үшін 60 мың долларға дейін сыйақы төленетін болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның Иранның IRIB мемлекеттік телерадиокомпаниясына сілтеме жасап хабарлауынша, Иран армиясының қолбасшысы Амир Хатами әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған америкалық сарбаз үшін ақшалай сыйақы тағайындалғанын мәлімдеді.

"Қаржылық жиһадқа қатысуға деген өтініштердің көп екенін ескере отырып, арнайы жоспар әзірленді. Оған сәйкес, америкалық сарбазды өлтірген немесе тұтқынға алған адамға Иран армиясы 30 мың доллар (13 млн теңге) көлемінде сыйақы береді. Бұл істе табысқа жеткен ирандық әйелдерге екі еселенген сыйақы беріледі", - деді Хатами.

Сондай-ақ америкалық сарбаздарды жою үшін қолданылған қаруды Иран армиясы нарықтық құнынан екі есе жоғары бағамен сатып алатыны атап өтілді. Сатып алынған қарудың орнына армия жаңа қару береді.

Иран АҚШ сарбаздарының көзін жойған немесе тұтқынға алған азаматтарға сыйақы тағайындады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.