jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қырғызстандағы президент сайлауы: парламент маңызды шешімді қашан жариялайды

Қырғызстан туы
Қырғызстан туы. Иллюстрациялық фото: Wong Yu Liang/Getty Images

Қырғызстан парламенті президент сайлауын тағайындау туралы шешімді қашан қабылдайтыны белгілі болды, деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның биліктегі дереккөзге сүйене отырып жазуынша, Жогорку Кенештің қыркүйек айының алғашқы апталарына арналған алдын ала жұмыс кестесі бекітіліп қойған.

Алғашқы отырыс 2 қыркүйекке жоспарланған. 9 қыркүйекте министрлер кабинетінің кейбір мүшелері ант береді. Ал Қырғызстан президентінің кезекті сайлауын тағайындау туралы қаулыны парламент кезектен тыс емес, 17 қыркүйектегі әдеттегі отырысында қабылдауды жоспарлап отыр.

Дереккөз бұл мерзімнің заңнама талаптарына сәйкес келетінін атап өтті. Өйткені Жогорку Кенеш сайлауды тағайындау туралы шешімді дауыс беру күніне дейін кемінде төрт ай бұрын қабылдауы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда кезекті президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарда өтуі тиіс екені хабарланған еді.

Ал жақында Қырғызстан басшысы 2027 жылғы қаңтарда өтетін президент сайлауына қатысатынын растады.

Қырғызстандағы президент сайлауы: парламент маңызды шешімді қашан жариялайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.