Еуропа елдерінің бірінде эвтаназияға рұқсат берілді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Францияда эвтаназия заңдастырылды, деп хабарлайды РИА Новости агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Франция президенті Эммануэль Макрон эвтаназияны заңдастыру туралы заңға қол қойды. Құжат Journal Officiel ресми басылымында жарияланған.
"Республика президенті бұл заңды бекітті", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, шілденің ортасында құжатты парламент мақұлдаған болатын. Ал 14 тамызда Конституциялық кеңес оны конституцияға сәйкес деп таныды.
Эвтаназияға жүгіну құқығына 18 жастан асқан Франция азаматтары ие болады. Сондай-ақ бұл құқық елде тұрақты негізде заңды тұратын адамдарға да беріледі.
Сонымен қатар эвтаназияға айықпас дертке шалдыққан, дерті дендеп кеткен науқастар жүгіне алады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2414868-europa-elderining-birinde-evtanaziiaga-ruqsat-berildi/
