jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Кенияда тікұшақ апатқа ұшырады: ешкім аман қалған жоқ (видео)

тікұшақ бөлшегі
Тікұшақ бөлшегі. Видеодан кадр: x.com/Vishii14

Кенияда жеті адам мінген тікұшақ апатқа ұшырады. Апаттан аман қалғандар жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Синьхуаға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, тікұшақ 19 тамызда Самбуру округіндегі Ололокве тауында құлаған. Әуе апатының салдарынан алты турист пен ұшқыш, яғни, жеті адам қаза тапты.

Полиция мәліметінше, тікұшақ Lady Lori чартерлік компаниясына тиесілі болған. Ол Лайкипия округіндегі Соян ранчосынан Кенияның орталық бөлігіндегі Лойсаба қорығына қарай ұшып бара жатқан.

Апаттың себебі әзірге белгісіз. Жергілікті авиациялық ведомстволар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.

Кенияда тікұшақ апатқа ұшырады: ешкім аман қалған жоқ (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.