jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Африкада алтын кеніші опырылып, 100 адам опат болды

ОАР
Алтын кенішінің опырылу сәті. Кадр: 24.kz

Орталық Африка Республикасының батысында алтын кеніші опырылып, кемінде 100 адам ажал құшты, деп хабарлайды 24.kz.

Қайғылы жағдай Камерунмен шекараға жақын Замбойе ауылында болған. Қазір құтқарушылар үйінділерді ашып, із-түзсіз жоғалғандарды іздестіріп жатыр.

Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. The Guardian басылымының мәліметіне сүйенсек, елде күнкөріс қамымен қараусыз қалған кен орындарына түсетіндер көп. Мұндай жерлерде алтын көбіне қарабайыр тәсілмен өндіріледі, қауіпсіздік талабы сақталмайды. Салдарынан аймақта қайғылы оқиғалар жиілеп кеткен.

Африкада алтын кеніші опырылып, 100 адам опат болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram