jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

АҚШ қарызы 40 трлн доллардан асты

АҚШ туы
АҚШ туы. Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты. Бұл туралы елдің Қаржы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы мемлекеттік қарыз АҚШ-та 2017 жылдан бері екі есе өскен. Коронавирус пандемиясы кезіндегі шұғыл шығындар, салық түсімдерінің азаюы және әлеуметтік бағдарламаларға бөлінетін қаржының көбеюі қарыздың өсуіне әсер етті, дейді сарапшылар.

Қазір билік қарыздың тек пайызын өтеуге 1,1 триллион доллар жұмсайды. Мұндай жағдай инфляцияны күшейтіп, мемлекеттік бағдарламаларға бөлінетін қаржының қысқаруына әкеп соғуы мүмкін, дейді мамандар.

"40 триллион долларлық мемлекеттік қарыз – АҚШ үшін айтарлықтай үлкен көрсеткіш. Бұл Вашингтондағы екі партияның да ұзақ жылдар бойы жауапсыз қаржы саясатын жүргізгенінің нәтижесі. Қарыздың өсуіне халықтың қартаюы да әсер етіп отыр. Күн сайын 10 мың америкалық 65 жасқа толады. Олар зейнетке шығып, жарна төлеуді тоқтатады да, әлеуметтік төлемдер ала бастайды. Адамдар бұрынғыдан ұзақ өмір сүреді, ал елдегі медициналық қызмет өте қымбат. Соның салдарынан зейнетақы мен денсаулық сақтау шығындары көбейіп келеді. Алайда салықтан түсетін кіріс бұл міндеттемелерді өтеуге жетпейді", - дейді Питер Дж. Питерсон қорының төрағасы және бас директоры Майкл Питерсон.

АҚШ қарызы 40 трлн доллардан асты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.