jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Гвинеяда қатты нөсерден қоқыс үйіндісі опырылып түсті: ондаған адам қаза тапты (видео)

Қоқыс
Опырылған қоқыс алаңы. Фото: x.com/@MarkoS2075

Гвинея астанасында қатты нөсер салдарынан қайғылы оқиға болды. Ондаған адам үйінді астында қалып, қаза тапты, тағы 22 адам жарақат алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Конакри қаласының Гбессиа ауданындағы Дар-эс-Салам кварталында орналасқан қоқыс полигоны опырылып түсті.

Ел үкіметінің мәліметінше, оқиға түнгі нөсерден кейін сағат 02:00 шамасында (Астана уақытымен 01:00) болған.

"Қоқыс үйіндісінің опырылуы салдарынан бірнеше үй қирады. Алдын ала мәліметтер бойынша, 30 адам қаза тапты. Тағы алты адам ауыр жарақат алса, 16 адам жеңіл жарақат алды", - делінген үкімет хабарламасында.

Қазіргі таңда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде.

Гвинеяда қатты нөсерден қоқыс үйіндісі опырылып түсті: ондаған адам қаза тапты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.