jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

11 қыркүйектегі теракт: 25 жылдан соң тағы бір құрбанның жеке басы ДНҚ арқылы анықталды

Нью-Йорк. Көрнекі сурет
Нью-Йорк. Көрнекі сурет: pixabay.com

Нью-Йоркте 11 қыркүйектегі теракт құрбандарының тағы бірінің жеке басы 25 жылдан кейін анықталды. Бұл үшін алғаш рет сот-генетикалық генеалогия әдісі қолданылды, деп хабарлайды ABC телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ .

Егде жастағы әйел Дүниежүзілік сауда орталығындағы ресми түрде сәйкестендірілген 1 654-ші құрбан екенін анықталды. Оның отбасы марқұмның аты-жөнін жариялаудан бас тартты.

Бұл әдіс ДНҚ талдауын отбасылық шежірені зерттеумен біріктірді. Ол 11 қыркүйектегі теракт кезінде қаза тапқан адамды анықтау үшін алғаш рет пайдаланылды.

"Бұл – үлкен жетістік. 25 жыл ішінде алғаш рет Дүниежүзілік сауда орталығының құрбандарын анықтау жұмыстарына жаңа әдістерді қолдандық", - деді Нью-Йорктің бас сот-медициналық сарапшысы Джейсон Грэм.

Сот антропологы Дженнифер Одиеннің айтуынша, қазіргі таңда генетикалық генеалогия арқылы сәйкестендіруге болатын 47 ДНҚ профилі бар.

Оқиғадан соң ғасыр өтсе де, Дүниежүзілік сауда орталығының 1 100-ге жуық құрбаны әлі күнге дейін анықталмаған күйі қалып отыр.

"Бұл жұмысқа жаңа технологияларды қолдану мүмкіндігі – отбасылар алдындағы міндеттемемізді орындаудың маңызды жолы", - деп атап өтті Грэм.

11 қыркүйектегі теракт: 25 жылдан соң тағы бір құрбанның жеке басы ДНҚ арқылы анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram