jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Долларды пайдалану мүмкіндігінен айырылады": АҚШ Иранға қарсы санкцияны қолдамаған елдерге сес көрсетті

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Samuel Corum/Getty Images

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Иранға салынған санкцияларды қолдамаған елдер америкалық долларды пайдалана алмауы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент АҚШ президенті Дональд Трамп әлем елдерінің көшбасшыларына қоңырау шалып жатқанын айтты. Трамп олардан Иранмен кез келген байланысты тоқтатуды талап етуде.

Ол "Трамп әлемдік көшбасшыларға Иранмен байланысты тоқтату туралы нақты өтінішпен хабарласып жатыр" деп атап өтті. Алайда Бессент Трамп қоңырау шалған мемлекет басшыларының есімдерін атаудан бас тартты.

"Біз нақты есімдерді атамаймыз. Біз қазірдің өзінде нәтижелерін көріп отырмыз. Президенттің бәрін сендіре алатынын бәріңіз білесіздер. Оның қоңырауларымен қоса, Мемлекеттік департамент пен Қаржы министрлігі де кездесулер өткізіп, қоңырау шалуда. Біз елдер мен ұйымдарға не күтетінімізді және мерзімін нақты жеткізіп жатырмыз. Егер олар жауап бермесе, жақын арада әрекеттерінің салдарын көресіздер", - деді Бессент.

Оның айтуынша, АҚШ-тың Иранға қатысты жаңа санкцияларын сақтамайтын елдер "іс жүзінде америкалық долларға қолжетімділіктен айырылады".

Ол АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа секторалдық шектеуі қашан күшіне енетінін нақтылаудан бас тартты. Сонымен қатар америкалық әкімшілік біраз уақыт күтуге дайын екенін атап өтті.

"Долларды пайдалану мүмкіндігінен айырылады": АҚШ Иранға қарсы санкцияны қолдамаған елдерге сес көрсетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.