АҚШ-та виза өтінімдерін қарау уақытша тоқтатылды
Жарияланған күні:

АҚШ билігі иммиграциялық саясаттың одан әрі қатаңдауы аясында бүкіл әлем бойынша иммиграциялық визаларға өтінімдерді қарауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды NDTV-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемелеріне сәйкес, шетелдегі барлық америкалық дипломатиялық өкілдікте жаһандық оқыту бағдарламасын өткізуге мүмкіндік беру үшін визалық қызметтерге жазылу уақытша тоқтатылды.
Визалық қызметтерге жазылу процесі оқыту барысын ескере отырып түзетілетініне уәде берілді, алайда ведомство нақты мерзімдерді атаудан бас тартты.
Мемдепартамент оқыту консулдық қызметкерлерге АҚШ-тың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларына тәуелді болу ықтималдығы жоғары өтініш берушілерді анықтауға көмектесуге, сондай-ақ виза алуға үміткерлерді "жан-жақты және жүйелі" бағалауды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ АҚШ елшіліктері мен консулдықтарында сұхбаттасуы тағайындалып қойған иммиграциялық визаға өтініш берушілерге кездесудің кейінге қалдырылғаны туралы хабарлайтын электрондық хаттар жіберілген.
Басылым Трамптың депортациялау және иммиграциялық бақылауды қатаңдату бойынша ауқымды науқан жүргізіп жатқанын еске салды. Бұл науқан визалар мен грин-карталарды жоюды, сондай-ақ саяси көзқарастарды қоса алғанда, бірқатар себеп бойынша өтінімдерді қараудан немесе мақұлдаудан бас тартуды қамтиды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2418492-aqsh-ta-viza-otinimderin-qarau-uaqytsha-toqtatyldy/
