jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қытай мен Непалдағы су тасқынынан хабар-ошарсыз кеткендер саны 1000-нан асты

Непалдағы су тасқыны
Су тасқыны. Фото: Skanda Gautam/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Қытай мен Непалдағы су тасқыны салдарынан 1 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кетті. Екі елдің билігі жаңа деректерді жариялады. Жоғалғандардың арасында жүздеген шетел азаматы бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ТАСС ақпаратына сәйкес, Непалда 28 елдің 466 азаматы және 113 жергілікті тұрғын хабар-ошарсыз кеткен.

Қытайдың Орталық телевидениесіне сілтеме жасай отырып хабарлаған РИА Новости ақпаратынша, ҚХР-да ауқымды сел жүруі салдарынан 558 адамның жоғалғаны айтылған. Олардың ішінде 260 шетел азаматы бар.

Бұған дейін Қытай мен Непал арасындағы шекаралық өткел ауданында көшкін жүргенін жазған болатынбыз. Бұл жол қозғалысына, байланыс пен электр қуатымен қамту жүйесіне әсер етті.

Кейінірек жүздеген адамның жоғалуына себеп болған жойқын су тасқыны болғаны туралы хабарланды. Ірі тасқынға жер сілкінісі мен одан кейін болған көшкін себеп болды.

Күні кеше Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қытай мен Непалдағы табиғи апат салдарынан Қазақстан азаматтарының жоғалғандар тізімінде бар-жоғы туралы ақпарат ұсынған еді.

Қытай мен Непалдағы су тасқынынан хабар-ошарсыз кеткендер саны 1000-нан асты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.