АҚШ Орталық әскери қолбасшылығы Ормуз бұғазы миналардан тазартылғанын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы Брэд Купер Ормуз бұғазының миналардан тазартылғанын хабарлады. Бұл миналарды Иран тарабы орнатқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әскери қызметшінің мәлімдемесі CENTCOM-ның X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
Купер миналарды Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы бірнеше ай бұрын орнатқанын жеткізді.
Операцияға АҚШ Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлері, Navy SEALs жауынгерлері, сондай-ақ құрлық әскерлерінің, Әскери-теңіз, Әуе күштері мен Теңіз жаяу әскерлерінің авиациясы қатысты. Ведомство басшысы жұмыстың күрделі әрі қауіпті жағдайда өткенін атап өтті.
"Ең бастысы – бүгінде халықаралық кеме қатынасы бағыттары ашық және оң динамика артып келеді", - деді ол.
Update from CENTCOM Commander: pic.twitter.com/osPbltjJ1C
— U.S. Central Command (@CENTCOM) August 28, 2026
Айта кетейік, бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігі Ормуз бұғазына қатысты меморандумның мән-жайын жариялаған. Оған сәйкес, бұғаз арқылы тек сауда кемелері өте алады.
Келіссөздер барысында тараптар Ормуз бұғазындағы кеме қатынасынан түсетін табысты бөлісу туралы уағдаласты.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2419539-aqsh-ortalyq-askeri-qolbasshylygy-ormuz-bugazy-minalardan-tazartylgany-turaly-malimdeme-zhasady/
