"Үлкен қауіп": Нетаньяхудың ұлы АҚШ-тан эвакуацияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Израильдің "Шин Бет" арнайы қызметі премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың ұлы Яирді АҚШ-тан шұғыл түрде эвакуациялағанын растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Бұған дейін БАҚ-та оның Флоридадан Израильге шұғыл жеткізілгені туралы ақпарат тараған болатын. Ведомство бұл мәліметті растады.
"Яир Нетаньяхуға зиян келтіреді деген үлкен қауіп шынымен болды. Жағдайды бағалағаннан кейін оны қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен бірге Израильге шұғыл қайтару туралы шешім қабылданды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Еске сала кетейік, жақында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иран оның ұлдарының бірін өлтіруге әрекеттенгенін хабарлаған еді. Осыған байланысты ол ұлына арнайы күзет жалдады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2420310-ulken-qauip-netaniahudyng-uly-aqsh-tan-evakuatsiialandy/
