jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Трамп жарлығынан кейін Google Maps-те Онтарио көлінің атауы өзгерді

Онтарио көлі
Онтарио көлі. Фото: Cole Burston/AFP via Getty Image

АҚШ президенті Дональд Трамп жарлыққа қол қойғаннан кейін, Google компаниясы Google Maps сервисінде Онтарио көлінің атауы өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Google компаниясы ресми сайтында баспасөз хабарламасын жариялады. Онда Google Maps сервисіндегі Онтарио көлінің атауы өзгертілгені туралы айтылған.

"АҚШ-тың Географиялық атаулар жүйесі (GNIS) Онтарио көлінің атауын ресми түрде Америка көлі деп өзгертті.

Google Maps картасын ресми мемлекеттік дереккөздердегі (АҚШ үшін GNIS) өзгерістерге сәйкес жаңартатындықтан АҚШ-тағы карта қолданушылары "Америка көлі" деген атауды көреді. Канададағы қолданушылар бұрынғыдай "Онтарио көлі" деген атауды көре береді. Ал АҚШ пен Канададан тыс жердегі қолданушылар екі атауды да көре алады.

Бұл жаңартулар түрлі елдерде атауы өзгеше су айдындарына қатысты саясатымызға сәйкес келеді және қазірден бастап енгізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Трамп жарлығынан кейін Google Maps-те Онтарио көлінің атауы өзгерді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.