jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+

Непалдағы алапат тасқыннан қаза тапқандар саны 800-ге жуықтады

Непалдағы алапат тасқын
Непалдағы алапат тасқын. Фото: Getty Images/Ritesh Shukla

Непалда мұздықтың опырылуынан кейін болған жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 794 адамға жетіп, 2,5 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында қалып отыр, деп хабарлайды Русская служба BBC-ге сілтеме жасаған kazinform.

Непал мен Қытай билігі сәрсенбі күні болған табиғи апаттан кейін жоғалғандарды іздеу және қаза тапқандарды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қытай билігінің мәліметінше, шекараның Қытай жағында 16 адам қаза тауып, тағы 546 адам із-түзсіз жоғалған. BBC Қытайда табиғи апат пен оның салдары туралы ақпараттың шектеулі жарияланып жатқанын атап өтті.

Құтқарушылар қалың лай басқан елді мекендерді тексеріп жатыр. Алайда жұма күнінен бері толассыз жауған жаңбыр іздестіру-құтқару жұмыстарын қиындатқан. Таулы аймақтарда селдің қайта жүру қаупі де сақталып отыр.

Мамандарды апаттан кейін пайда болған жаңа көл де алаңдатып отыр. Егер оның табиғи бөгеті бұзылса, бақылаусыз су ағыны Непалдағы Лхенде және Тришули өзендеріне құйылып, жаңа су тасқынына әкелуі мүмкін.

"Непал жағындағы құтқару операциялары Тришули өзенінің жоғарғы ағысындағы бес бөгетте тірі қалған адамдарды іздеуге бағытталған. Билік мәліметінше, бөгеттердің біріндегі тоннельде 350-ге дейін адам болуы мүмкін. Құтқарушылар тоннельге ауа жеткізу үшін тесік бұрғылап, ішке кіруге мүмкіндік беретін жол ашуға тырысып жатыр", - делінген хабарламада.

Қызыл Крест бағалауынша, су тасқыны болған аумақта 90 мыңға дейін адам әртүрлі деңгейде зардап шегуі мүмкін.

Непал билігі әзірге 592 шетелдік азаматты таба алмай отыр. Олардың басым бөлігі Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы қасиетті Кайлас тауына бет алған зияратшылар болған.

Непалдағы алапат тасқыннан қаза тапқандар саны 800-ге жуықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.