Иран АҚШ базаларын атқылады
Жарияланған күні:

Таяу Шығыстағы ахуал қайта ушықты. Иран Иорданиядағы АҚШ әскери нысандарына зымыранмен соққы жасады, деп хабарлайды "Хабар" Агенттігі.
Шілде айының соңынан бері жасалған алғашқы шабуыл
Түнде Иран Иорданиядағы АҚШ әскери базаларына зымыранмен соққы жасады. Ислам революциясы сақшылар корпусы мәлімдеуінше, бұл АҚШ-тың Ларак аралына шабуылы үшін жауап ретінде жасалған.
Жексенбі күні америкалық әскерилер аралдағы зымыран ұшыру қондырғыларын нысанаға алған. АҚШ Орталық қолбасшылығының хабарлауынша, Ислам революциясы сақшылар корпусы бұл қондырғылар арқылы Ормұз бұғазына теңіз миналарын орналастыруды көздеген.
Бұл шілде айының соңынан бері Иран аумағына жасалған алғашқы шабуыл деп танылды.
Мұнай бағасы қымбаттады
АҚШ пен Иран арасындағы әскери әрекеттер қайта күшейгеннен кейін әлемдік мұнай бағасы күрт өсті. Brent маркалы мұнайдың құны 2 пайызға қымбаттап, бір баррелі 90 долларға жетті. Ал WTI маркалы мұнай 85 долларға дейін көтерілді.
Сарапшылардың пікірінше, екі ел арасындағы жағдай одан әрі шиеленіссе мұнай нарығына түсетін қысым күшейе түсуі мүмкін. Басты қауіп — Ормұз бұғазындағы жағдайға байланысты, соңғы мәліметке сәйкес: бір тәулікте бұл бұғаз арқылы небәрі 5 кеме өткен.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2421084-iran-aqsh-bazalaryn-atqylady/
