jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ресейде 15 альпинисті қар көшкіні басып қалды: екі адам қаза тапты

қар көшкіні
Қар көшкіні. Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейдің Кабарда-Балкария Республикасында альпинистер тобын қар көшкіні басып қалды. Екі адамның қаза тапқаны және үшеуінің зардап шеккені хабарланды. Қалған адамдар қар астында қалып қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, топ Безенги шатқалындағы бағыт бойынша жүріп бара жатқан.

Мижирги тауында қар көшкіні жүргені туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де түсті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті. Он адам қар астында қалды. Топта барлығы 15 адам болған", - деп мәлімдеді құтқарушылар.

Кейінірек Төтенше жағдайлар министрлігі қар көшкіні астында қалған альпинистерді іздеу үшін құтқарушылар тобын көбейтетінін хабарлады.

"Оқиға орнына қосымша Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің 25 құтқарушысы және Кабарда-Балкария өрт сөндіру-құтқару қызметінің алты құтқарушысы аттанды, - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Құтқарушылар МИ-8 тікұшағын қайтадан жұмылдыруды жоспарлап отыр.

Ресейде 15 альпинисті қар көшкіні басып қалды: екі адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram