jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Иран Иорданияға соққы жасады

Иран туы фонындағы қару
Қару. Иллюстрациялық фото: shellexx/Getty Images

Иран әскері Иорданияға соққы берді. Олардың айтуынша, АҚШ базаларына шабуыл жасалған. Иорданияның әуе қорғаныс жүйесі шабуылды тойтарды, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алдымен X желісінде Al Hadath Иорданияның әуе қорғаныс құралдары Эль-Азрак қаласының үстінде ирандық зымырандар легін ұстап жатқаны туралы хабарлады.

Кейінірек Al Jazeera Ирбид қаласында зымырандардың ұстап алынғанын мәлімдеді.

Ал ирандық Mehr агенттігі Иорданиядағы америкалық базаларға жаппай зымыран соққысы жасалғанын хабарлады.

Бұл оқиға – АҚШ-тың 8 қыркүйекте Ормуз бұғазындағы Харк аралының маңында бірнеше Иран танкеріне соққы беруінен кейін болған жағдай. АҚШ бұл әрекетті америкалық әскери кемеге жасалған зымыран шабуылдарына жауап деп түсіндірді.

Ал Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ шабуылына жауап ретінде Кувейт пен Бахрейн терминалдарының жанындағы танкерлерге соққы беретінін ескертті.

Иран Иорданияға соққы жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram