jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

АҚШ өкілдері Иранның бес мұнай танкерін жойғанын мәлімдеді (видео)

танкерге шабуыл
Танкерге шабуыл. Видеодан кадр: x.com/CENTCOM

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) X желісінде бес ирандық мұнай танкерінің жойылғаны туралы мәлімдеме жасап, видео жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"8 қыркүйекте АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) күштері Иранның бес мұнай танкерін жойды. Бұған дейін Ислам революциясы сақшылары корпусы соңғы екі күнде америкалық әскери кемеге екі рет баллистикалық зымыранмен шабуыл жасаған болатын", - деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ америкалық әскерилер АҚШ кемесінің шабуылдардан сәтті құтылғанын хабарлады. Әскери қызметкерлер зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін Иран Иорданиядағы америкалық базаларға жаппай зымыран соққысын жасаған еді. Сонымен қатар, Ислам революциясы сақшылары корпусы Ормуз бұғазында америкалық су асты ұшқышсыз аппаратын қолға түсіргенін хабарлады.

АҚШ өкілдері Иранның бес мұнай танкерін жойғанын мәлімдеді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram