Өзбекстанда Орталық Азиядағы ең ірі стадион салынып жатыр
Жарияланған күні:

Өзбекстан астанасында Орталық Азиядағы ең ірі спорт ареналарының бірі бой көтеріп келеді, деп хабарлайды Qazsport телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, "Жаңа Ташкент" аумағындағы стадион құрылысының 65 пайызы аяқталған. Жаңа нысан 55 мың көрерменге есептелген. Осылайша ол Қырғызстандағы 51 мың орындық "Бішкек Арена" стадионынан үлкен болады.
Стадион құрылысына шамамен 100 млн доллар жұмсалмақ. Нысанның жанында метро станциясы мен 5500 көлікке арналған автотұрақ болады.
Сондай-ақ стадионның төбесі жабық етіп жасалады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қарашасында басталған. Арена 2027 жылғы U-20 Әлем чемпионатының басты алаңдарының бірі болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2425692-ozbekstanda-ortalyq-aziiadagy-eng-iri-stadion-salynyp-zhatyr/
