jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Филиппинде сайлау қарсаңында атыс болды: үш адам қаза тапты

Филиппиннің әскери қызметшілері
Флиппиннің әскери қызметшілері. Фото: x.com/@arabnews

Филиппиннің оңтүстігіндегі сайлау учаскесінде атыс болып, салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 15 адам зардап шекті. Бұл туралы South China Morning Post басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қайғылы оқиға жексенбі күні түнде Магинданао-дель-Норте провинциясындағы Котабато қаласында, Мұсылман Минданаосындағы Бангсаморо автономиялық өңірінде дүйсенбіге жоспарланған алғашқы парламенттік сайлау қарсаңында болған.

Қақтығысқа бәсекелес саяси топтардың өкілдері қатысқан.

Котабато полициясының бастығы Джибин Бонгкаяо жанжал дауыс беру кезегіне таласудан басталғанын айтады.

"Бәрі екі топтың арасындағы кезекке таластан басталды. Олар бір-бірін итеріп, кейін төбелес басталды, ал соңында адам көп жиналған жерде оқ атылды", - деді Бонгкаяо.

Айта кетейік, Бангсамороның 2,4 миллиондай тұрғыны дауыс беру құқығына ие. Олар аймақтық парламенттің 80 депутатын, соның ішінде округтер мен жекелеген әлеуметтік топтардың өкілдерін сайлайды. Депутаттық орынға 600-ден астам кандидат таласып жатыр.

Дауыс беру сағат 07:00-де басталды және 19:00-де аяқталуы тиіс. Алғашқы нәтижелер дүйсенбі күні кешке белгілі болады деп күтіліп отыр.

Филиппинде сайлау қарсаңында атыс болды: үш адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram