Ұлыбританиядағы жартылай марафон кезінде екі адам қайтыс болды
Жарияланған күні:

Ұлыбританиядағы Great North Run жартылай марафоны кезінде екі ер адам көз жұмды. Олардың қайтыс болғанын іс-шараны ұйымдастырушылар растады, деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның мәліметінше, марқұмдардың екеуі де 25 жаста болған.
Жексенбіде өткен жарыс кезінде екі қатысушы да өзін жайсыз сезініп, құлап түскен. Жартылай марафон бағыты Ньюкаслдан Саут-Шилдске дейін созылған – қатысушылар 21,1 шақырымды бағындыруы тиіс еді.
Сондай-ақ ұйымдастырушылар марқұмдардың Англияның солтүстік-шығысының тұрғындары екенін анықтаған. Олар іс-шарада қызмет көрсеткен медициналық топтың барлық күш-жігеріне қарамастан, көз жұмған.
Марафонға қатысушылардың өліміне не себеп болғанын мамандар анықтайтыны хабарланды.
Ұйымдастырушылар марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2427600-ulybritaniiadagy-zhartylai-marafon-kezinde-eki-adam-qaitys-boldy/
