jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

АҚШ-та жаңалықтар агенттігінің тікұшағы апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар (фото, видео)

тікұшақ апаты
Тікұшақ апаты. Видеодан кадр: x.com/Breaking911

Лос-Анджелесте NBC жаңалықтар агенттігінің тікұшағы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты. Ол екі жүк контейнері мен бірнеше көліктің үстіне құлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

CBS телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Әуеден түсірілген кадрлардан Лос-Анджелес өрт сөндірушілерінің апаттан кейін тұтанған өртті сөндіріп жатқанын байқауға болады.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, үш адам қаза тауып, біреуі зардап шекті және ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы әзірге белгісіз.

NBC Los Angeles телеарнасы кейінірек әуе кемесінің өздеріне тиесілі екенін мәлімдеді. Бірнеше телевизиялық тікұшақ Сан-Фернандо алқабының батыс бөлігінде автобус тап болған жол-көлік оқиғасын түсіру үшін әуеге көтерілген.

NBC News ақпаратына сәйкес, қаза тапқандардың кемінде біреуі апат кезінде жерде болған жаяу жүргінші болуы мүмкін.

АҚШ-та жаңалықтар агенттігінің тікұшағы апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram