jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Нетаньяху ЦАХАЛ-ды сынаған израильдіктерді азаматтығынан айыратынын мәлімдеді

Биньямин Нетаньяху
Биньямин Нетаньяху. Фото: Ilia YEFIMOVICH / POOL / AFP via Getty Images

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдің қорғаныс күштерін сынаған израильдіктерді азаматтығынан айыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DW-ге сілтеме жасап.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жақын арада қарауға ұсынылатын екі заң жобасы туралы айтты.

Біріншісі Израиль қорғаныс күштерін сынағаны үшін азаматтығынан айыру мүмкіндігін қарастырса, екіншісі жала жапты деп айыпталғандардан сот талабы бойынша өндіріп алынатын соманы арттыру көзделеді.

Бұл мәлімдемені ол израильдік режиссерлер Юваль Абрахам мен Рахель Шордың NAZA фильмі 83-ші Венеция халықаралық кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесін алғаннан кейін айтты.

Фильмде режиссерлер палестиналық ХАМАС радикалды қозғалысының 2023 жылғы 7 қазанда Израильге жасаған ауқымды шабуылы туралы баяндайды. Фильмнің атауы иврит тіліндегі "ілеспе залал" (бейбіт тұрғындар арасындағы жанама шығындар) деген мағынаны білдіретін терминнен алынған.

Нетаньяху Абрахам мен Шорды тікелей атап өтіп, оларды азаматтығынан айырамын деп қорқытты.

"Оларға мұнда орын жоқ", - деді Нетаньяху.

Ол израильдік әскерилер мен Израиль мемлекетін шетелде қаралағаны үшін қылмыстық қудалауды жедел бастауды тапсырды.

Нетаньяху ЦАХАЛ-ды сынаған израильдіктерді азаматтығынан айыратынын мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram