Пәкістанда жұма намазы кезінде мешіт маңында жарылыс болды: кемінде 16 адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Пәкістанның солтүстік-батысында жұма намазы кезінде мешіт маңында жарылыс болды. Теракт салдарынан кемінде 16 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Хайбер-Пахтунхва провинциясы полициясының бастығы Зульфикар Хамидтің айтуынша, Кохат ауданындағы полиция басқармасы аумағының кіреберісінде орналасқан мешіт жанында жарылғыш зат тиелген көлік жарылған, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Ол жарылыстан кейін содырлар мен қауіпсіздік күштері арасында атыс болғанын, сол кезде кешен аумағында екінші жарылыс орын алғанын атап өтті.
Полиция мәліметінше, қақтығыс барысында алты содыр, оның ішінде мерген мен жанкешті террористің көзі жойылды. Ведомство дерегі бойынша, кемінде 16 адам, оның ішінде бес полиция қызметкері қаза тауып, 50-ден астам адам жарақат алған.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, қуатты жарылыс мешіттің сыртқы жағында шұңқыр пайда етіп, ғимараттың сыртқы бөлігіне елеулі зақым келтірген және қабырғаларының бірінің құлауына әкеп соққан.
Кохат аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Тахир Али Шах 50-ден астам зардап шегушінің ем алып жатқанын мәлімдеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2429845-pakistanda-zhuma-namazy-kezinde-meshit-mangynda-zharylys-boldy-keminde-16-adam-qaza-tapty/
