АҚШ Таяу Шығыстағы азаматтарын сақ болуға шақырды
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ Йемен мен Сауд Арабиясы арасындағы қақтығыстың ушығуына байланысты Таяу Шығыстағы өз азаматтарын сақ болуға шақырды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, ескертулер АҚШ-тың аймақтағы елшіліктері таратқан мәлімдемелерде айтылған.
"Қазіргі уақытта Таяу Шығыста жүрген АҚШ азаматтары барынша қырағы болуы керек және рейстердің тоқтатылуы, әуе кеңістігінің жабылуы және жол қатынасында кідірістер болуы мүмкін екенін ескеруі тиіс", - деп мәлімдеді АҚШ-тың Ливандағы елшілігі.
Осындай мазмұндағы мәлімдемелерді АҚШ-тың БАӘ, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Қатар, Ирак, Палестина, Оман және Сауд Арабиясындағы дипломатиялық өкілдіктері де таратқан.
Ескерту Йеменнің солтүстігінде билік құрып отырған шииттік "Ансар Алла" (хуситтер) қозғалысы мен Сауд Арабиясы арасындағы қақтығыстың шиеленісу қаупіне байланысты таратылғаны хабарланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2430122-aqsh-taiau-shygystagy-azamattaryn-saq-boluga-shaqyrdy/
