Танымал журналист Юрий Дудь Ресейде террористер мен экстремистер тізіміне енді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ресейде шетелдік агент деп танылған танымал журналист Юрий Дудь бүгін террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның ақпаратына сәйкес, Росфинмониторинг журналист Юрий Дудті террористік және экстремистік қызметке қатысы бар деп танылған тұлғалардың тізіміне қосты. Жазба 7039-нөмірмен жарияланды.
"Тізілім деректеріне сәйкес, тізімге "Дудь Юрий Александрович, 1986 жылғы 11 қазанда туған, ГДР, Потсдам қаласы" енгізілді", - делінген материалда.
Басылым дерегінше, тізілімге ену банк шоттарының бұғатталуына әкеп соғады, одан тұлғаға тек "өзінің, сондай-ақ өзімен бірге тұратын, дербес табыс көзі жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету" үшін шектеулі соманы ғана алуға және жұмсауға рұқсат етіледі.
Юрий Дудь – журналист әрі блогер. Оның YouTube-арнасында 10 миллионнан астам жазылушы бар. Ресей Әділет министрлігі журналисті 2022 жылдың сәуірінде шетелдік агент деп жариялаған болатын. Дудь бұл шешімге қарсы шығып, "Әділет министрлігінің шетелдік агент функциясын атқаратын шетелдік БАҚ тізіліміне енгізілгені туралы хабарлама жібермеу әрекетін заңсыз деп тануды" талап еткен еді.
Жоғарғы сот оның талабын қанағаттандырудан бас тартты.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2432221-tanymal-zhurnalist-iurii-dud-reseide-terrorister-men-ekstremister-tizimine-endi/
