jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Гарри ханзада Лилибет ханшайымның сүйікті заттары мен талғамы туралы айтып берді

Гарри ханзада
Гарри ханзада. Фото: Chris Jackson/Getty Images

Сассекс герцогы бес жасар қызы Лилибеттің жеке өмірі туралы мәліметтерді бөлісті. The Blast басылымының жазуынша, қайырымдылық кешінде ол қызының қандай киімді ұнататыны мен сүйікті британ тағамдары қайсы екенін айтып берген.

Лондонда өткен жыл сайынғы WellChild Awards сыйлығын тапсыру рәсімінде Гарри ханзада жеті жасар Арчи ханзада мен бес жасар Лилибет ханшайымның өмірі туралы қызықты жайттарды айтып берді. Сыйлық иегерлерінің бірі Марго Джонс-Биллингтонмен сөйлесу барысында Сассекс герцогы оның жылтыр туфлиі мен киіміне назар аударып, артынша қызының талғамы туралы айтты. Ол Лилибеттің жылтыр заттарды ұнататынын және оның ең сүйікті түсі қызғылт екенін атап өтті.

Қызының киім стилінен бөлек, герцог балаларының дәстүрлі британ тағамдарына деген талғамының өзгергені туралы да сөз қозғады. Гарри ханзаданың айтуынша, бұрын Арчи мен Лилибет оны үйде танымал "Мармайт" пастасын ұстайтыны үшін мазақтайтын. Алайда отбасы Ұлыбританияға оралғаннан кейін балалар өз пікірлерін өзгерткен.

Гарри ханзада қазір балаларының "Мармайтты" дәстүрлі британ "крампет" тоқаштарымен қуана жейтінін мойындады. Герцог бұл паста өмірінің ажырамас бөлігі болғандықтан, мұны өзі үшін маңызды оқиға деп атады. Дегенмен Калифорнияда тұрған кезде балаларын тостқа жағылған үрмебұршақ жеуге үйрету әрекеті сәтсіз аяқталған болатын.

WellChild Awards қайырымдылық сыйлығы жыл сайын ауыр дертке шалдыққан балалар мен оларға қолдау көрсететін медицина қызметкерлерін марапаттайды. Гарри ханзада бұл ұйымның ұзақ уақыттан бері патроны болып жүр және оның іс-шараларына тұрақты түрде қатысып тұрады.

Гарри ханзада Лилибет ханшайымның сүйікті заттары мен талғамы туралы айтып берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram