Ресейде пиротехника зауытындағы өрттен 14 адам қаза тапты (фото, видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ресейде петарда шығаратын зауытта болған өрттен 14 адам қаза болып, бір әйел аман қалды. Өңірде қаралы күн жарияланды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қайғылы оқиға 28 қыркүйекте Ярославль облысынының Переславль-Залесский муниципалды округінде болған. Округке қарасты Кубринск ауылындағы петарда шығаратын зауыт аумағында екі ғимарат өртенген. Өрт сөндірілген.
Төтенше жағдай салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы бір әйел зардап шеккені, оның ауруханаға жатқызылғаны хабарланды.
Оқиғаға байланысты өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ярославль облысының губернаторы Михаил Евраев 30 қыркүйекті қаралы күн деп жариялаған.
"30 қыркүйек өңірде Переславль-Залесский округінің Кубринск ауылындағы кәсіпорында болған өрттен қаза тапқандарды аза тұту күні болып жарияланады. Өз атымнан және облыс үкіметі атынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деді өңір басшысы.
ТАСС-тың мәліметінше, қауіпсіздік талаптарының бұзылуы пиротехника өндірісіндегі өртке себеп болуы мүмкін.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2434873-reseidegi-pirotehnika-zauytyndagy-ortten-14-adam-qaza-tapty-foto-video/
