АҚШ-та өлім жазасына кесілген әйел екі рет инъекция салынса да аман қалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Теннесси штатында 50 жастағы Криста Пайкқа қатысты өлім жазасын орындау әрекеті сәтсіз аяқталды. Адвокаттарының мәлімдеуінше, препараттың екі дозасы салынса да, ол аман қалған. Бұл туралы Fox News арнасына сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Телеарнаның мәліметінше, 30 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 20:26-да куәгерлер екі рет инъекция салынғанына қарамастан, Пайктың әлі де тыныс алып жатқанын хабарлаған.
Ал қорғаушылар сотталушының есінен танбағанын және жүрек соғысы тоқтамағанын мәлімдеген.
Осы оқиғаның алдында АҚШ Жоғарғы соты алтыншы округтің апелляциялық соты берген өлім жазасын кейінге қалдыру туралы шешімнің күшін жойған еді. Осыдан кейін билік өлім жазасын орындауға кірісті.
Криста Пайк 30 жылға жуық уақыт бойы өлім жазасын күтті. Ол 1995 жылы курстасын аяусыз өлтірді деген айыппен сотталған болатын. Пайк Теннесси штатында 1819 жылдан бері өлім жазасына кесілген алғашқы әйел болуы тиіс еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2436542-aqsh-ta-olim-zhazasyna-kesilgen-aiel-eki-ret-inektsiia-salynsa-da-aman-qaldy/
